Қақаған аязға қарамастан қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда

Қақаған аязға қарамастан қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда

Қала тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тротуарлар, скверлер және басқа да қоғамдық аумақтар қар мен көктайғақтан тазартылуда.

Коммуналдық қызметкерлерге қолдау білдіру және алғыс айту мақсатында бүгін Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы мен волонтерлер игі іс-шара өткізді. Олар қызметкерлерге ыстық шай, бауырсақтар мен тәттілер таратты.