Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын бақылау

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын бақылау

4 қаңтар күні қала әкімінің орынбасары Марлен Сандыбеков Береке шағынауданындағы «Северный» дүкенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында негізгі азық-түлік өнімдерінің бөлшек саудадағы бағалары белгіленген шекті деңгейден аспайтыны және қолданыстағы талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.