Петропавлда орталық алаңда мұз айдыны ашылды

Петропавлда орталық алаңда мұз айдыны ашылды

21 желтоқсан күні орталық алаңда мұз айдынының ашылуы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін әртістер мен спортшылардың қатысуымен мерекелік бағдарлама дайындалды.

Кеш бойы мұз айдынында мәнерлеп сырғанаушылардың көрсетілімдері, театрландырылған көріністер мен музыкалық қойылымдар өтті.

Қала тұрғындары бұл шараға белсенді қатысты, көпшілік отбасыларымен келді.

Мұз айдынына қаламыздың тұрғындары мен қонақтары кез-келген уақытта келіп кәнки тебе алады.