Петропавл қаласында Заречный кенті тұрғындарын көшірудің бірінші кезеңі басталды

Петропавл қаласында Заречный кенті тұрғындарын көшірудің бірінші кезеңі басталды

Тәуелсіздік күні облыс орталығындағы «Жас Өркен» шағынауданында 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жаңа пәтерлердің кілттері 40 отбасыға табысталды, қалған пәтерлер жыл соңына дейін қоныстандырылады.

Бұл – ұзақ жылдар бойы су тасқыны қаупі бар аймақта өмір сүріп келген тұрғындар үшін маңызды әрі қажетті қадам. Негізгі мақсат – азаматтарды қауіпсіз, жайлы және тұрақты тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Көшіру жұмыстары жалғасады. Келесі жылы Заречный кенті тұрғындарына арналған тағы бір 72 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.