
Петропавл қаласының әкімдігі ағымдағы жылғы 19 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қазақстан Конституциясы к. 25 мекенжайындағы С. Мұқанов атындағы кітапхана ғимаратында Петропавл қаласының әкімі С.М. Мұхамедиевтің халықпен кездесуі өткізілетінін хабарлайды.
Барлық ниет білдірген азаматтарға кездесуге Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қатысу мүмкіндігі беріледі.
Өз ұсыныстарыңызды, сұрақтар мен пікірлеріңізді ағымдағы жылғы 17 желтоқсаннан 19 желтоқсан қоса «Есеп беру кездесулері 2025» Telegram-бот қосымшасында ( https://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022_bot ) қалдыра аласыз.
Сонымен қатар, кездесу өткізу күні сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін онлайн көрсетілім кезінде 109 телефон нөмірімен «Ikomek» ситуациялық орталығында арнайы анықтама қызметі; 8 778 566 14 04 нөмірімен Whatsapp және «Есеп беру кездесулері 2025» Telegram-бот жұмыс істейтін болады, олар арқылы барлық ниет білдірушілер өз сұрақтарын жолдай алады.
Сондай-ақ, 17 желтоқсан күні сағат 10:00-да Петропавл қаласының әкімі С.М. Мұхамедиевпен және қалалық мемлекеттік органдардың басшыларымен Қазақстан Конституциясы көшесі, 25 мекенжайында орналасқан С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ғимаратында «Ашық есіктер күні» өткізілетінін хабарлаймыз.
Ұсыныстар мен ескертулер өтініш білдіруші міндетті түрде тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын және байланыс телефонын көрсеткен жағдайда ғана қаралатын болады.