
Қатысуға қаладағы дүкендер, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер, кеңселер және басқа да кәсіпкерлік нысандары шақырылады.
Қатысушылар өз нысандарының қасбетін, витринасын, ішкі интерьерін немесе аумағын жаңа жылға сай безендіріп, түсірілген фотосуреттерді Кәсіпкерлік бөліміне жіберуі керек.
Байқауда бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталады:
1. Орта және шағын кәсіпкерлік арасындағы ең үздік қасбет безендіру,
2. Ең үздік интерьер,
3. Ең үздік витрина,
4. Үздік жарықты безендіру,
5. Ұлттық стильдегі ең үздік безендіру.
Өтінімдерді Кәсіпкерлік бөлімі қабылдайды.
Фотосуреттерді қабылдау: 22 желтоқсан 2025 жыл, сағат 18:30-ға дейін.
Фотолар HD сапада болуы тиіс.
Электрондық пошта: 31123@mail.kz немесе WhatsApp нөмірі арқылы 8-705-760-96-31.