Петропавл қаласының әкімі қаланың су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы айтты

Петропавл қаласының әкімі қаланың су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы айтты

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысып, су тасқынына қарсы жүргізілген шаралар, өткен жылдың қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қала басшысының айтуынша, 2025 жылғы су тасқыны кезеңі наурыз айының соңында басталып, үш кезеңде өтті. Осы кезеңде Петропавл су қоймасындағы су деңгейі 1175 сантиметрге жетті. Жоғары көрсеткіштерге қарамастан, тұрғын үй секторын су баспады.

Серік Мұхамедиев бұл нәтижеге соңғы екі жылдағы жүйелі жұмыстың — қорғаныс құрылыстарын салу мен бөгеттерді нығайтудың арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Инженерлік қорғаныс және 2026 жылдың көктеміне дайындық

Биылғы жылы айналма арнасы қайта жаңартылып, бірінші көтергіш сорғы станциясын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды.

Қазіргі кезде соңғы іс-шаралар жүргізілуде:

  • Ойқала шағын ауданындағы ішкі беткейлерді абаттандыру;

  • 0-8 км учаскесінде жер білігін қосымша нығайту;

  • Былғары ш/а плитааралық тігістерді ретке келтіру.

Барлық нысандар 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне толығымен дайын болады.

Ойқала және Былғары аумақтарын абаттандыру

Бұрын апатты үйлер орналасқан жерлерде ауқымды абаттандыру жалғасуда. Аудан әкімдіктерінің, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жалпы ауданы 72 гектар жерде 74 жаңа гүлбақ құрылды.

Бағдарламамен мынадай жұмыстар қарастырылған:

  • 2000-нан астам ағаш отырғызу;

  • орындықтар, қоқыс жәшіктерін, көше жарығын орнату;

  • балалар және спорт алаңдарын салу;

  • футбол алаңдары мен демалыс аймақтарын жайластыру.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоры Ойқала шағын ауданында екі заманауи футбол ангарының құрылысын жүргізуде.

Заречный кентінің тұрғындарын жаңа орынға қоныстандыру

Сондай-ақ, әкім жыл соңына дейін Заречный кентінің тұрғындарын жаңа орынға қоныстандыру басталатынын айтты. Олар үшін Жас Өркен және Орталық шағын аудандарында 162 пәтер салынуда. Құрылысты сенімді мердігерлер — «Зерттеу» ЖШС және «Альфа-Север» ЖШС жүргізеді.

Қоныстандыру Заречный кенті тұрғындарының жыл сайынғы су басу қаупін толығымен жоюға мүмкіндік береді.