2024 жылы «Бірлік» шағынауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 700 жер үй салынды

2024 жылы «Бірлік» шағынауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 700 жер үй салынды

Барлық үйлерге екі жылдық кепілдік берілген. Осы уақыт ішінде мердігер компаниялар анықталған кез келген ақауды тегін жөндеуге міндетті. Мемлекеттік органдар үйлердің жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр, ал тұрғындар туындаған мәселелерді дер кезінде хабарлап келеді. Мердігерлер де жедел әрекет етіп, қажетті жұмыстарды орындауда.

Қазіргі таңда ауқымды немесе жүйелі мәселе анықталған жоқ. Тек кейбір үйлер бойынша ішкі әрлеу мен инженерлік түйіндерге қатысты жеке ескертулер түсіп тұрады. Бұл мәселелер жұмыс тәртібімен, уақытында реттеліп жатыр.

Бұған қоса, қала әкімдігінің жанында пайдалану барысында пайда болатын, кепілдікке кірмейтін ұсақ-түйек деформацияларды тез арада жөндеу үшін арнайы бригада құрылған. Бұл бригада тұрғындарға жедел әрі уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.