Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімідігі» КММ 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша қайта конкурс өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік он бес күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 85, 1-қабат, «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы жер қатынастар бөлімі» КММ. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2025 жылдың 19 қарашанан бастап, 2025 жылдың 02 желтоқсанды қоса алғанда өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Қайта конкурстың өтетін күні, уақыты және орны: 2025 жылдың 03 желтоқсан айында, сағат 10:00-да, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 85, 2-қабат, отырыс залы мекен-жайы бойынша Уәлиханов ауданы әкімдігінің ғимаратында конкурстың нәтижелері шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес, конкурс қорытындысы шығарылған күні ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жіберіледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептемелердегі қателіктердің, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ, жалпы рәсімдеудің дұрыстығын тексереді, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, оның ішінде, инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді бағалайды, салыстырады.

Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

1) жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

суарылмайтын егістікке:

50-ге дейін – 1 балл;

50-ден 70-ке дейін –2 балл;

70-тен 90-ға дейін – 3 балл;

90-нан 110-ға дейін – 4 балл;

110-нан жоғары – 5 балл;

суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):

200-ге дейін – 1 балл;

200-ден 300-ге дейін – 2 балл;

300-ден 400-ге дейін – 3 балл;

400-ден 500-ге дейін – 4 балл;

500-ден жоғары – 5 балл;

жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейін – 1 балл;

5-тен 10-ға дейін – 2 балл;

10-нан 20-ға дейін – 3 балл;

20-дан 30-ға дейін – 4 балл;

30-дан жоғары – 5 балл;

2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

50-ден аз ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;

50 және одан да көп бас ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;

300-ден аз ұсақ мал басы – 5 балл;

300 және одан да көп ұсақ мал басы – 10 балл;

3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

5 бірліктен кем – 5 балл;

5 және одан да көп бірлік – 10 балл;

4) технологиялық жабдықтың болуы:

1 бірлік – 1 балл;

2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

5 білікті маманнан кем – 5 балл;

5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.

Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Екі және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемі бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы анықталады.

 Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерінің ең көп дауысын алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшысының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және «2025 жылғы «30» қазанға дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен және конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурске қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

Жер комиссиясының отырысы Жер кодексінің 43 бабының 2 тармағына сәйкес аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен міндетті түрде тіркеледі. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тіркеуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Қайта конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Уәлиханов ауданы әкімінің https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ualikhanov, «СҚО Уәлиханов ауданы жер қатынастары бөлімі» КММ https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ozo сайтында немесе 8(715)42-21-6-53; 8(715)42-21-8-99 тел. бойынша алуға болады.

 

Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелерінің сипаттамалары

Алқаптардың құрамы (суарылмайтын)

Бонитет балы

Алаңы (га)

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Орналасқан жері

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Сумен қамтамасыз етілуі

№ 1 Лот

Егістік- 133 га

34,8

133

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Ақбұлақ ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген

№ 2 Лот

Егістік - 120 га, бұталы жер – 1 га

56,8

121

Дала аймағы,топырақ түрі- оңтүстік қара топырақ

Ақтүйесай ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген

№ 3 Лот

Егістік- 127 га

50,1

127

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Телжан ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген

№ 4 Лот

Тыңайма – 214 га, табиғи жайылымдар - 21 га, орман алқаптары – 7 га

46,6

242

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Телжан ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген

№ 5 Лот

Егістік - 185 га, табиғи жайылымдар - 6 га, орман алқаптары – 6 га, жолдар – 1 га

43,2

198

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Телжан ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген

№ 6 Лот

Табиғи жайылымдар – 40 га, жақсартылған жайылымдар – 39 га, су астында – 2 га, жолдар – 1 га, басқа жер – 7 га

34,6

89

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Кішкенекөл ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген

№ 7 Лот

Тыңайма – 439 га, табиғи жайылымдар - 4 га, жолдар – 6 га

36,0

449

Дала аймағы,топырақ түрі- нақты қара топырақ

Кішкенекөл ауылдық округі

Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы

Қамтамасыз етілген