
Күн сайын тазалау жұмыстарына 170 техника шығарылады.
Биыл қар шығару қызметі жасанды интеллект жүйесін қолдану арқылы цифрландырылуда.
Бағдарлама:
• техниканың қозғалыс бағытын;
• шығарылған қар көлемін;
• полигондардың жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
Әр техника GPS-трекермен жабдықталған, ал полигондарға бейнекамералар орнатылып, барлығы біртұтас цифрлық жүйеге біріктірілген.
Енді шығарылған қар көлемін есептеу жұмысын жасанды интеллект атқарады.
Қазіргі уақытта екі полигон дайын, бірі – резервтік.