Петропавлда аула аумақтарын жақсарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда

Петропавлда аула аумақтарын жақсарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда

Биыл Ауэзов көшесі, 182 мекенжайындағы аула толық абаттандырылды. Мұнда жаңа асфальт пен тротуар тақташасы төселіп, заманауи тартан жабыны бар футбол алаңы салынды, шағын сәулеттік нысандар орнатылды. Енді тұрғындар жаңартылған әрі ыңғайлы аумақты пайдалана алады.

Қаланың басты мақсаты – барлық аулаларды кезең-кезеңімен заманауи стандарттарға сай ету. Жыл сайын бағдарламаға жаңа аумақтар қосылып, біртіндеп бүкіл аула қоры жаңарып келеді.

Жаңартылған аулалар – бұл тек жайлылық пен қауіпсіздік қана емес, сонымен бірге белсенді демалыс, қарым-қатынас және балалардың дамуына мүмкіндік береді. Сол себепті бағдарлама тұрақты түрде іске асырылады және жыл сайын жалғасатын болады.