Қала аумағында шығып қалған депутаттардың орнына № 13 сайлау округі бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және № 13 сайлау округі бойынша Петропавл қалалық мәслихатының депутаттарының сайлауы өткізіледі.
Халықты сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері туралы хабардар ету, сайлаушылар туралы мәліметті өзектендіру мақсатында, 2025 жылғы 05 қазаннан 25 қазанды қоса 32-02-03, 32-02-04 телефон нөмірлерімен Call-center жұмысын бастады.
Call-center жұмыс уақыты күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Жоғарыда аталған нөмірлер бойынша хабарласа отыра, Сіздер өз сайлау учаскелеріңіздің орналасқан жерін біліп, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя отыра, жоғарыда аталған округ шекараларында өздеріңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.
Петропавл қаласының әкімдігі