Петропавл қаласында «Қызылжар су» ЖШС нысандары бойынша баспасөз-туры және қоғамдық мониторингі өтеді

Петропавл қаласында  «Қызылжар су» ЖШС нысандары бойынша баспасөз-туры және қоғамдық мониторингі өтеді

2025 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен  табиғи монополия субъектісінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау шеңберінде «Қызылжар су» ЖШС –ның  нысандарына баспасөз турын және қоғамдық мониторинг жүргізу жоспарланған.

Осыған байланысты, Департамент осы іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Қатысу туралы ақпаратты dkrem.sko@economy.gov.kz Департаменттің электрондық мекенжайына жолдауды немесе 53-42-55, 87770838950 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.

Объектіге шығу үшін жиналу орны және уақыты: облыстық мәслихат ғимараты, көлік (автобус) Горький көшесі жағынан беріледі, объектіге 2 қазан сағат 9.45-те шығатын болады.