Қала әкімдігі 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады.
Петропавл қаласында жылыту маусымы 2025 жылғы 24 қыркүйекте басталады.
Алдымен әлеуметтік нысандарға – мектептерге, балабақшаларға, медициналық мекемелерге жылу беріледі.
Бұдан кейін тұрғын үйлер мен басқа да ұйымдарға қосылады.
Қосылу барысы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.