Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрелігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды келесі табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф пен тарифтік смета жобаларын талқылау бойынша жария тыңдауларға шақырады:
2025 жылғы 23 қыркүйек сағат 15:00-де - «Солтүстік Қазақстан Электр Желістік Таратушы Компаниясы» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған электр энергиясын беру қызметіне тариф пен тарифтік смета жобасын талқылау;
2025 жылы 25 қыркүйек күні сағат 15:00-де «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның 2026-2030 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру қызметіне тариф пен тарифтік смета жобасын талқылау;
2025 жылы 25 қыркүйек күні сағат 15:30-да «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның 2026-2030 жылдарға арналған жылу энергиясын беру, тарату және өткізу қызметіне тариф пен тарифтік смета жобасын талқылау;
2025 жылы 25 қыркүйек күні сағат 16:00-де «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның бу түрінде жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу қызметіне тариф пен тарифтік смета жобасын талқылау.
Жария тыңдаулар Петропавл қ., Парковая к-сі, 57В, 1-қабат, конференц залы мекен-жайы бойынша өтеді.
Сонымен бірге, жария тыңдауларға «ZOOM» (идентификаторы: 209 497 4546, құпия сөзі: 123) және «Facebook» қосымшалары (https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343) арқылы қатысуға болады.
Уәкілетті органның байланыс телефоны 8 7152-53-42-31