Хабарландыру

Хабарландыру

 Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16: 00-де Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күні» өтеді. Қатысуға Петропавл қаласының кәсіпкерлері шақырылады.

«Бірыңғай есеп беру күні» кәсіпкерлік субъектілермен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер тұжырымдау, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметі реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері  заңнамасының міндетті талаптарын талқылау бойынша өткізіледі.

«Бірыңғай есеп беру күні» мына мекен-жайда өткізіледі: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1 қабат (үлкен зал).

Іс-шараға қатысу туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 50-27-34, 46-48-32 («Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария  бөлімі» КММ).