Қала әкімі цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ жаңа инвестициялық циклді іске қосу қаланың дамуының негізгі бағыттарына айналуы тиіс екенін атап өтті.
Кеңесте қала әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары сөз сөйлеп, цифрлық технологияларды енгізу, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, өнеркәсіпті дамыту және инвестициялар тарту бойынша жоспарларын ұсынды.
Отырыстың қорытындысы бойынша нақты жобалар мен олардың орындалу мерзімдеріне қатысты тапсырмалар берілді.