Бүгін Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирде тыңдады

Бүгін Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауын тікелей эфирде тыңдады

Іс-шара әкімдік мәжіліс залында өтті. Жолдау орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдері, Ұлттық құрылтай мүшелері, сондай-ақ жұртшылық пен еңбек ұжымдарының өкілдерінің қатысуымен тікелей эфирде көрсетілді.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын айқындап, ұлттық экономиканы нығайтудың, заманауи технологияларды енгізудің және азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

Жолдаудың негізгі тезистері:

Жасанды интеллект министрлігін құру;

Цифрлық кодексті жедел қабылдау;

Жыл соңына дейін жаңа «Банктер туралы» заңды қабылдау;

Ұлттық банк базасында стратегиялық крипторезерв жинақтауға арналған Мемлекеттік цифрлық активтер қорын құру;

Кәсіпкерлік саласындағы құқықтық базаны жаңғырту, заңнаманы бизнестің қажеттіліктеріне бейімдеу;

Жаңа Салық кодексін қабылдау арқылы салық төлеушілердің адалдық пен ашықтыққа негізделген жаңа менталитетін қалыптастыру;

Қазақстанда Реттеушілік интеллект орталығын құру;

Импорттық нарыққа тәуелділікті азайту;

Міндетті талаптар тізілімін бизнесті артық тексерістерден қорғау құралына айналдыру;

Дәстүрлі ұлттық өнімдерді шетел нарығына шығару;

Контейнерлік тасымалдарды және мультимодальды маршруттарды ынталандыру бойынша арнайы бағдарлама қабылдау, барлық көлік түрлерін ескере отырып, түсінікті тарифтік саясат әзірлеу;

Шетелдік инвестициялар қатысуымен ұлттық әуе жүк тасымалдаушысын құру;

Алматы облысындағы Алатау қаласына Үкіметке тікелей бағынатын толық цифрлық қала мәртебесін беру;

Жаңа Құрылыс кодексін жыл соңына дейін қабылдау;

Екінші және үшінші атом электр станцияларын салуды жоспарлауды бастау;

Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру;

Экологиялық ағартудың бірыңғай стандартын енгізу;

Зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған шараларды қабылдау;

Кез келген құқық бұзушылыққа және заңсыздыққа нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз ету.

Президент сондай-ақ энергетика, құрылыс, көлік және цифрландыру салаларындағы стратегиялық жобаларды айқындады. Атап айтқанда, екінші және үшінші АЭС құрылысының жоспарлауын бастау, жаңа Құрылыс кодексін қабылдау, ұлттық әуе жүк тасымалдаушысын дамыту және Алатау қаласына цифрлық орталық мәртебесін беру мәселелері қаралды.

Іс-шара қорытындысында Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерлері Президент Жолдауы Қазақстанның одан әрі дамуының нақты бағыттарын айқындайтынын және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың алдына қойылған маңызды міндеттерді белгілейтінін атап өтті.