Мұндай аралаулар айына бірнеше рет әртүрлі бағыттар бойынша өткізіледі — бұл жағдайды өз көзімізбен көріп бағалауға мүмкіндік береді.
Республикалық «Тaza Qazaqstan» акциясы аясында келесі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді:
• апатты ағаштарды кесу және бұталарды қырқу;
• жасыл желектерді кронирлеу;
• ғимараттардың қасбеттерін абаттандыру;
• жол жамылғысын жөндеу;
• сондай-ақ жарнамалық маңдайшаларды «Жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдардың талаптарына сәйкестендіру.