Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестікте шаруашылық жүргізу құқығындағы «Петропавл жылу желілері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы хабарлайды.
Кәсіпорынды басқару органы «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Петропавл қаласын жылумен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жылу желілерін беру және пайдалану болып табылады.