Петропавл қаласының және облыс тұрғындарының назарына

Петропавл қаласының және облыс тұрғындарының назарына

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту, табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі-ТМС) тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беру өткізу міндеті көзделген.

2025 жылғы 22 шілде - 1 тамыз  аралығында, 2025 жылдың 1-жартыжылдығының  қорытындылары бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қоса беріліп отырған кестеде көрсетілген ТМС тұтынушылар алдында есеп береді.

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есеп беру жария тыңдау нысанында, онлайн-трансляция ұйымдастыру арқылы да,  жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып өткізіледі.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті алдағы уақытта тұтынушылар алдында ТМС жүргізетін есептерге коммуналдық қызметтер тұтынушыларын және басқа да мүдделі тұлғаларды белсенді қатысуға шақырады.

ТМС есептерін  өткізу кестесі қоса берілді.

 

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша 2025 жылғы I жартыжылдықтағы қызметінің  қорытындысы  бойынша тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында

табиғи монополия субъектілерімен   есептер өткізу кестесі