Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
Ерікті зейнетақы жарналары: қазыналы қарттық үшін бүгінгі мүмкіндік
16 сентября 2025

Зейнет жасындағы өмір сапасы – қазірден ойлануды қажет ететін маңызды тақырып. Көпшілік зейнетақыны тек міндетті жарналардан ғана қалыптасады деп ойлайды. Бірақ Қазақстан азаматтары үшін қосымша мүмкіндік бар. Ол – ерікті  зейнетақы жарналары (ЕЗЖ), әр адамның өз еркімен жинайтын қаражаты, яғни болашағыңызға бүгіннен жасалатын жеке инвестиция.

Ерікті зейнетақы жарналарының ерекшелігі неде?

Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын айтарлықтай толықтырудың тиімді тәсілі.  Атауы айтып тұрғандай, оны кез-келген адам өзі үшін ғана емес, жақындары үшін де, оның ішінде әке-шешесі, тіпті кәмелетке толмаған балаларының шотына аудару арқылы да жүзеге асырса болады. Бұл сіздің болашағы берекелі болғанын қалайтын туысқандарыңызға деген қамқорлығыңыз, әрі қолдауыңыз. 

Ал заңды тұлғалар ерікті зейнетақы жарналарын өз қызметкерлері үшін міндетті жарналарға қосымша бонус ретінде аудара алады. Жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, яғни оған салық салынбайды. Жұмыс беруші үшін мұндай шығындар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі, яғни жұмыс беруші үшін де пайдасы бар.

ЕЗЖ есепке алынатын шоттар, жарналардың барлық түрлері сияқты, зейнетақы қорына алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады, яғни салымшыға БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Пайдасына зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелері, тұрақты тұратын жері сияқты барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

ЕЗЖ екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы аударылады. Сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беріп, соның негізінде ол өтініш берушінің не өтініште көрсетілген үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударады. Ерікті жарналар да міндетті жарналар сияқты түрлі қаржы құралдарына инвестицияланып, қосымша табыс әкеледі.

Әлемдік тәжірибе

Дамыған елдерде ерікті зейнетақы жарналары халықтың өмір салтына айналған.

   •   АҚШ-та қызметкер табысының бір бөлігін зейнетақы қорына аударса, жұмыс беруші оған қосымша жарна төлей алады. Бұл жұмысшыларды көбірек жинақтауға ынталандырады.

   •   Германияда азамат ерікті жарна салса, мемлекет оған қосымша субсидия береді.

   •   Ұлыбританияда автоматты қосылу тәжірибесі қолданылады. Қызметкердің жалақысынан белгілі бір үлес ұсталады, жұмыс беруші оған міндетті түрде қосымша үлес қосады. Егер қызметкер қаламаса, жүйеден шығуға құқылы, бірақ тәжірибе көрсеткендей, көпшілік қатысуын жалғастырады.

   •   Канадада азаматтар аударған ерікті жарналарға салықтық жеңілдіктер жасау арқылы қолдау көрсетіледі.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет тарапынан ынталандыру мен жұмыс берушілердің белсенділігі халықтың жинақ мәдениетін арттырады.

Қазақстан үшін қандай пайдасы бар?

Ерікті зейнетақы жарналарын дамыту еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды:

   1.  Азаматтар үшін – зейнетақы табысының көлемін арттырады.

   2.  Жұмыс берушілер үшін – әлеуметтік жауапкершілікті күшейтеді, мамандарды ұстап қалудың тиімді құралына айналады.

   3.  Мемлекет үшін – болашақта бюджетке түсетін әлеуметтік салмақты азайтады, тұрақты зейнетақы жүйесін қалыптастырады.

Қарапайым мысал

Мәселен, азамат ай сайын 20 000 теңге ерікті жарна аударып отыр делік. Бір жылда 240 000 теңге жиналады. Егер жарнаның осы көлемі мен кезеңділігі 10 жыл бойы сақталса, жалпы сома 2,4 млн теңгеге жетеді. Ал инвестициялық табысты қоссақ, бұл қаржы еселене түседі. Демек, шағын ғана салым болашақта қомақты қосымша табыс көзіне айналады.

ЕЗЖ бойынша жасалатын төлем түрін 50 жасқа толған азаматтар, мүгедектігі бар адамдар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, ел заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған, сондай-ақ, ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары Қорда кемінде бес жылдай уақыт болған тұлғалар ала алады. Осылайша, ЕЗЖ төлеу шарттары әділетті де айқын жүргізіледі!

Қорытынды

Ерікті зейнетақы жарналары – тек қаржылық құрал емес, ол әрбір қазақстандықтың болашағына деген сенімін арттыратын маңызды мүмкіндік. Әлемдік тәжірибе мұндай жүйенің тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан бүгінгі аз ғана салым ертеңгі тыныш әрі қамсыз өмірдің қосымша кепілі бола алады.

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды
15 сентября 2025

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап (2025 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша) 19,04 млн АҚШ долларына 139 774 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 12,25 млн АҚШ долларына 87 841 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 6,79 млн АҚШ долларына 51 933 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (11,98 млн АҚШ долларына 85 735 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 92,13 мың АҚШ долларына 700 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 62,27 мың АҚШ долларына 514 өтініш. 

Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (6,08 млн АҚШ долларына 45 901 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (499,07 мың АҚШ долларына 4 309 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (174,03 мың АҚШ долларына 1 411 өтініш орындалды).

Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.

 Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ) «Ашық есік күні»
11 сентября 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ) «Ашық есік күні»: ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ «ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізеді.  

2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойды. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады. Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.

Ашық есік күнін өткізу кезінде БЖЗҚ салымшыларына 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелері туралы толығырақ ақпарат алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтерімен танысуға мүмкіндік беріледі.  

Бұған қоса, қатысушылар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады. 

Кездесу онлайн-форматта өтетін болғандықтан, оған барлық ниет білдірушілердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Іс-шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты материалдар жариялауға тартылған журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. 

2025 жылы 24 қыркүйекте:

1 сессия сағат 10:00-де:

сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m0d28c65d2370c5ee4f145502a721378d

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 456 5176

Еvent-мәжіліс паролі: SKOF

2 сессия сағат 12:00-де:

сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m60cf3a4ec23fa198b5cd78374d2e4627

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 683 7869

Еvent-мәжіліс паролі: SKOF 

3 сессия сағат 15:00-де:

сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mdce7e5a3c1b989b49624eb36e135da7a

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2517 606 5562

Еvent-мәжіліс паролі: SKOF  

Депутаттыққа кандидаттар.
Депутаттыққа кандидаттар
11 сентября 2025

Новиков Николай Алексеевич

 

1991 жылы 17 қыркүйекте Мамлют ауданы Андреевка аулында туған

Қазақстан Республикасының азаматы

Ұлты - орыс

Білімі жоғары, қоғамдық денсаулық сақтау.

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен партиясының мүшесі.

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
04 сентября 2025
«БЖЗҚ» АҚ қызметтерінің 98% цифрлық форматта көрсетіледі
27 августа 2025

Соңғы жылдарда «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) цифрлық форматта көрсетілетін қызметтеріне салымшылар тарапынан қызығушылық артып келеді. Себебі олар тәулік бойы қолжетімді. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.

01.01.2025ж. мен 31.07.2025ж. аралығында Қор халыққа шамамен 27,9 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 15,6 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн қызмет автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,0%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға шамамен 565,8 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 555,1 мыңы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.

Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны – 1,0 млн.

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 17,2 млн үзінді көшірме берілді. Оның 14,3 млн-ы – электрондық, ал 2,4 млн қызмет автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген жерінен тәулік бойына қолжетімді.

2025 жылдың қаңтар-шілде айларында деректемелерді өзгертуге 82,1 мың өтініш қабылданды. Оның 77,6 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 29 613 көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 608,2 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 25,9 мыңнан астам материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны 314,9 мыңға жетті.

 

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Әлеуметтік осал санаттарға жататын салымшылардың салық салынатын табысын қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар Өтеуге құжат тапсыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды
07 августа 2025

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын  төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгерістер енгізілді.

 

Қандай өзгерістер енгізілді?

Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Олардың көпшілігі тұрғын үйге және (немесе) емделуге БЗТ алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) бірден төлеген.   Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.

 

ЖТС қайтару құқығын кім пайдалана алады?

        ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.

 

Қайда жүгіну керек?

БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.

Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді.

 

Анықтама үшін. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрде ұсталады. Осы Ережелер тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЖТ) де қатысты.

 

Біржолғы зейнетақы төлемі (БЖТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ал 01.07.2023ж. дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен де)  қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.

Естеріңізге сала кетейік, ЖТС-ны ұстаудың екі әдісі бар: ЖТС алған кезде бірден және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдырумен. Заңнамаға сәйкес ЖТС есептейтін салық агенті – БЖЗҚ, ол салықты жеке тұлғаның таңдауына қарай екі жолмен ұстай алады:

o БЗТ сомасының 10% төлемді жүзеге асыру кезінде бірден ұсталады.

o барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі.

 

ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.

 

[1] Айлық есептік көрсеткіш

Салық салынатын табысты қайта есептеу және жеке табыс салығын қайтару мерзімі ұзартылды
05 августа 2025

Бұл құқықты кім және қалай пайдалана алады?

БЖЗҚ туралы өзекті мәселелер

  • ҚР қолданыстағы Салық кодексіне жеке табыс салығын өтеу бойынша талап қою мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуді салымшының таңдауы бойынша БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақыға дейін кейінге қалдыру арқылы жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын адамдар БЗТ түріндегі кірістерден стандартты салық шегерімдеріне (882 АЕК[1] шегінде) құқылы. Алайда, көптеген адамдар БЗТ алған кезде ЖТС-ті бірден төледі. Бұл жағдайда әлеуметтік осал топтарға жататын алушылар ұсталған ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алу үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алады. Бұрын мұндай құжаттарды тапсыру мерзімі үш жыл болған. БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар әр түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгермеген. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгертулерге сай, жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылды.

 

  • ЖТС-ты қайта есептеп, қайтару құқығын кім пайдалана алады?

Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептетуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.

  • Қайда жүгіну керек?

БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.

 

 

  • Уақытылы өтініш жасаған жағдайда, ЖТС қалай қайтарылады?

Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.

 

  • Өзгерістер қай уақытқа дейін әрекет етеді?

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ал талап ету мерзімі қайтадан 3 (үш) жыл болады.

Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ жүзеге асырған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық салымшылар мен алушыларға осы құқықты кейінге қалдырмай, уақытында пайдалануға кеңес береміз!

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар), 1418 (Қазақстан бойынша тегін) нөмірлері бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

[1] Айлық есептік көрсеткіш

Әлеуметтік осал санаттарға жататын салымшылардың салық салынатын табысын қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар
04 августа 2025

Өтеуге құжат тапсыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.

 

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын  төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған БЖЗҚ алушылары мен салымшыларының мүдделерін қорғайтын өзгерістер енгізілді.

 

Қандай өзгерістер енгізілді?

Әлеуметтік осал топтарға жататын тұлғалар біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде салық салынатын табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Олардың көпшілігі тұрғын үйге және (немесе) емделуге БЗТ алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) бірден төлеген.   Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.

 

ЖТС қайтару құқығын кім пайдалана алады?

ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген.

 

Қайда жүгіну керек?

БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына шұғыл түрде жүгінуі қажет.

Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін, бұған дейін ЖТС ұсталған болса, ол алушының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер ЖТС төлеу кейінге қалдырылған болса, онда ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеуге қатысты міндеттеме алынып тасталады.

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданыста болады, өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді.

 

Анықтама үшін. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері ҚР Салық кодексіне сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері бойынша жиынтық түрде ұсталады. Осы Ережелер тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЖТ) де қатысты.

 

Біржолғы зейнетақы төлемі (БЖТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында салымшы (зейнетақы төлемдерін алушы) БЖЗҚ-дан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен (ал 01.07.2023ж. дейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен де)  қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы.

Естеріңізге сала кетейік, ЖТС-ны ұстаудың екі әдісі бар: ЖТС алған кезде бірден және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдырумен. Заңнамаға сәйкес ЖТС есептейтін салық агенті – БЖЗҚ, ол салықты жеке тұлғаның таңдауына қарай екі жолмен ұстай алады:

o БЗТ сомасының 10% төлемді жүзеге асыру кезінде бірден ұсталады.

o барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және он алты жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі.

 

ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді. 

 

[1] Айлық есептік көрсеткіш

Азаматтарды қабылдау орталығы
04 августа 2025

Азаматтарды қабылдау орталығы өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.


Азаматтарды қабылдау орталығында жайлы жағдайда:

  • ез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
  • мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының және олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуға болады («е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу жөніндегі нұсқаулықты онлайн форматта: жүктеу).

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-18.30, түскі ас сағат 13.00-14.30.

Қызықтыратын сұрақтарды мына телефондар арқылы қоюға болады: 8 (7152) 46-33-61

Орналасқан жері: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 23

Өңірлік азаматтарды қабылдау орталығында 2025 жылғы 3-тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлерінің байланыс телефондары
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі: 8 (7152) 46-33-61

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы