Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Жарлығына сәйкес 2025 жылда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының басталғаны туралы жарияланады.
Конкурс екі кезеңде, яғни өңірлік және республикалық деңгейде өтеді.
Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ЖШС, АҚ, ШҚ, ФҚ, ЖК) қатыса алады.
Конкурс лауреаттарының атақтары келесі санаттар бойынша беріледі:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі;
Конкурс келесі номинациялар бойынша өтеді:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдрды әлеуметік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғау, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесі және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсаратын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша беріледі. Бұл номинацияда қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған, табығатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Булаев қ. Мир к. 8А мекенжайы бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не тапсырылады.
Конкурсқа қатысу өтінімдерінің қабылдау мерзімдері 2025 жылғы 30 маусымда аяқталады.