Көп балалы екі анаға "Күміс алқа" алқа табыстау

Көп балалы екі анаға "Күміс алқа" алқа табыстау

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында аудан әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Токужинов екі көпбалалы анаға: Пролетарка ауылында тұратын Ақерке Дәулетбекқызы Кемелбековаға және Бастомар ауылының тұрғыны Надежда Сергеевна Яковлеваға «Күміс алқа» алқасын табыс етті.
Екі ана да алты бала туып, тәрбиелеп отыр. Көп балалы ата-аналар ерекше құрметке лайық. Балаларды тәрбиелеуге жұмсап жатқан еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіргім келеді.
Бүгінгі таңда біздің ауданда 206 көпбалалы ана бар, олардың әрқайсысына денсаулық, отбасылық амандық және шыдамдылық тілейміз!