Мағжан Жұмабаев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Жанат Тұрғынұлы Әубәкіров қабылданды.

Мағжан Жұмабаев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Жанат Тұрғынұлы Әубәкіров қабылданды.

Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің м.а. 31.08.2022 жылғы № 265-ө-ж/қ өкімімен Мағжан Жұмабаев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып Жанат Тұрғынұлы Әубәкіров қабылданды.
Жанат Тұрғынұлы 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Возвышен ауданы Возвышенка ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары: 2009 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша бітірген.
2009 - 2010 жылдарда Якорь орта мектебінде БӘД ұйымдастырушысы, 2010 - 2012 жылдарда Петропавл қаласының экономика және құқықтану колледжінде БӘД және дене шынықтыру оқытушысы, 2012 - 2018 жылдарда Булаев №2 орта мектебінде БӘД ұйымдастырушы – оқытушысы болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Булаев қаласының қосымша білім беру орталығында үстел теннисінен жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істейді. 2018 - 2021 жылдарда - Писарев орта мектебінің директоры, 2021 - 2022 жылдарда - Мағжан Жұмабаев ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы болып басшылық қызметтер атқарған.