Облыс әкiмi Возвышенка ауылының тұрғындарымен кездестi

Облыс әкiмi Возвышенка ауылының тұрғындарымен кездестi

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы Жарлығын іске асыру аясында 7 сәуірде облыс әкімі Құмар Ақсақалов біздің ауданға келіп, Возвышенка ауылының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Сапар барысында өңір басшысы «Полудинское» ЖШС сүт кешеніне барып, «Қызылжар МТС Агро» ЖШС сүт-тауар фермасының құрылыс барысымен танысты, «Возвышенка Астық» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Құмар Іргебайұлы Булаев қаласын абаттандыруымен танысты, Ш. Уәлиханов және Чкалов көшелерін аралады, эвакуациялық пунктті қарап, азаматтық қорғау қызметтерінің су тасқынына қарсы дайындығын тексерді, 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысына арналған алаңды қарап шықты.