«Е-gov үздік пайдаланушысы» конкурсы

«Е-gov үздік пайдаланушысы» конкурсы

Құрметті Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары!

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті облыс әкімі аппаратымен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Е-gov үздік пайдаланушысы» конкурсын жариялайды.

 

Конкурсқа қатысу шарттары:

Солтүстік Қазақстан облысының 16 және одан жоғары жастағы тұрғындары арасында өткізіледі.

Конкурстық комиссия I, II, III орын алған, конкурстың бірінші кезеңінің тапсырмаларын орындауға ең аз уақыт жұмсаған жеңімпаздарды айқындайды.

ZOOM веб-сайтының тікелей эфирінде конкурс өткізу конкурс комиссиясының мүшелері мен кандидаттарын қосқанда, конкурсқа қатысушылардың тапсырмаларды орындауын бағалау (а.ж. 23-24 қыркүйек).

1 кезең

Бекітілген кестеге сәйкес конкурсқа қатысушылар online кеңеске              жеке-жеке қосылып, үш тапсырманы орындайды:

- электрондық - цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі-ЭЦҚ) алу;

- EgovMobile тіркелу;

- ЕgovМobile вакцинация паспортын түсіру.

Кандидатты бағалау алдыңғы конкурсқа қатысушының кеңесінен шыққаннан кейін жүзеге асырылады.

2 кезең

Конкурс қорытындыларын шығару, нәтижелерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (а.ж. 27 қыркүйек)

3.4. Тапсырмаларды орындауға арналған уақытты есептеу:

- электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу e-gov порталына кірген сәттен бастап ЭЦҚ алған сәтке дейін басталады;

- ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін E-gov порталындағы жеке кабинетке кірген сәттен бастап «Сұрау оң өңделді» мәртебесін алғанға дейін басталады.

Конкурс тапсырмаларын орындауға аз уақыт жұмсаған қатысушы жеңімпаз болады.

Өтінімдерді ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін «Конкурс» белгісімен ugu_sko@bk.ru эл.мекен-жайға немесе МОИП g.zhusalina@kyzmet.gov.kz     жіберуге болады.

 

Өтінім үлгісі