Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау.

2021 жылғы 21 шілдеде сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін «Nur Otan»  партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің хатшысы Г.Ш. Рамазанова Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдады.

Аудан азаматтарын вакцинациялау паспортын алу, Еgov mobile мобильді қосымшасы арқылы қандай қызметтерді алуға болады, мемлекеттік органға бармай-ақ баланың тууын қалай тіркеу керек, медициналық ұйымға бекіту туралы сұрақтар қызықтырды.

Сондай-ақ, Гульфира Шариффолақызы аудан әкімі аппаратының ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh/press/article/details/52024?lang=ru  және https://www.facebook.com / ауданның ресми парақшасында  ақпараттық брошюралармен, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қадамдық нұсқаулықпен танысу болатынын түсіндірді.

Барлық қойылған сұрақтарға түсініктеме берілді.