20 маусым - Халықаралық Әкелер күні.

20 маусым - Халықаралық Әкелер күні.

20 маусым - Халықаралық Әкелер күні. Бұл әкелерге деген сүйіспеншілік пен ризашылықты білдіруге арналған мереке.
Осыған орай, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша құрылымдық бөлімшесі аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатарындағы әкелердің арасында «Менің әкем ең мықты» атты іс-шара өткізді. Әртүрлі эстафеталар, сөзсайыстар ұйымдастырылды, онда әкелер өздерінің шеберліктерін көрсетті. Мереке соңында қазылар алқасы әр әкеге баға беріп: «Үздік спортшы», «Үздік шаруақор» және «Үздік зияткер» номинациялары бойынша дипломдар табыс етті. #меніңәкемеңмықты, #әкелеркүні, #меніңтатуотбасым