
Ауданда әлеуметтік нысандардағы температуралық режимге мониторинг жүргізу жалғасуда. Кабинеттер, ФАП-тар, мектептер және басқа да мекемелер тексеріліп, аязды кезеңдегі қазандықтардың жай-күйі бақылауға алынуда.
Жұмыс сапары барысында нысандарды аудан әкімінің орынбасары Достан Тасмағанбетов аралады. Сапар кезінде қазандықтар қаралып, жылу беру деңгейі мен ғимараттардағы температуралық нормалардың сақталуы тексерілді.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасын табатын болады.