
Аудан әкімі Рахат Смағұлов білім беру ұйымдарындағы жылу режимі мен қазандықтардың жұмысын бақылау мақсатында шығу мониторингі жүргізді. Сапар барысында ол Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясын, Булаев мектеп–балабақша кешенін және Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепті аралап шықты.
Жұмыс барысында әкім оқу кабинеттеріндегі температураны, жылу тораптарының жағдайын тексеріп, сондай-ақ мектеп асханаларын аралап, оқушылардың тағам мәзірі мен тамақтану жағдайымен танысты.