
3–9 желтоқсан аралығында Астанада өткен WorldSkills 2025 республикалық чемпионатының кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен ең үздік жас мамандар қатысты. Булаев қаласындағы Кәсіби даярлық және сервис колледжінің студенті Лузин Антон «Дәнекерлеу технологиялары» біліктілігінде тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды және Солтүстік Қазақстан облысы мен Мағжан Жұмабаев ауданының атын абыройлы түрде шығарды.
Антонды және оның тәлімгерлері Витковских Вадим пен Царегородцев Родионды құттықтаймыз! Бұл жетістік – еңбекқорлықтың, шеберліктің және жас мамандар үшін шабыттың жарқын үлгісі.