
Сапар барысында облыс басшысы Советское ауылындағы «СК Агро 2050» ЖШС базасында салынып жатқан 3600 бас ірі қара малға арналған (І кезең - 800) сүт-тауар фермасының құрылысымен танысты.
Сиыр қорасы мен сауынды-сүт блогының құрылысы аяқталуда. «Westfalia Қазақстан» компаниясының 100 басқа арналған «Карусель» жабдығы мен сауын қондырғысын монтаждау басталды.
Dairy Global компаниясымен голштин тұқымының 800 бас құнажынын жеткізуге келісім жасалды, 260 бастан тұратын бірінші партия қараша айының басында келеді.
🤝Облыс әкімі, сондай-ақ аталған кәсіпорынның механизаторларымен кездесіп, олардың еңбек жағдайларына қызығушылық танытып, өңірдің аграрлық секторын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, ұжымға кәсіби қызметінде табыс тіледі.
🌾Аудандағы астық жинау жұмыстарының барысы туралы
* Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы - 638,3 мың га, оның ішінде егістік - 467,4 мың га.
* 2025 жылғы егіс алаңы - 419,2 мың га: дәнді және дәнді бұршақты дақылдар - 330,3 мың га, майлы дақылдар - 60,9 мың га, жемшөптік дақылдар - 28,2 мың га.
* Бүгінгі таңда ауданда 207,1 мың га дәнді дақыл бастырылды. Өнімділігі 19,3 ц/га болғанда, бастырылым 352,1 мың тоннаны құрады.