1992 жылғы 4 маусым-еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас негіздері – Ту, Елтаңба және Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.
2007 жылы 4 маусымда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздерді ресми пайдаланудың сипаттамасы мен тәртібін белгілейді.
Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Тәуелсіздігіміздің қасиетті рәміздеріне деген тұрақты құрмет әрбір қазақстандықтың парызы болып табылады.