Ағымдағы жылғы 15 мамырда Халықаралық отбасы күніне орай облыстық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы жанындағы «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының төрағасы Ольга Клишинаның қолдауымен облыс әкімдігі білім басқармасының жанындағы әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен 14-17 жас аралығындағы оқушылар арасында өткен «Отбасылық құндылықтар» бейнеконкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға облыс мектептерінің 40 оқушысы қатысты, олардың 6-ы жүлделі орындарға ие болды.
Сондай-ақ, осы күні «Педагогикалық қолдау орталығының қызметі аясында мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып, оған облыс мектептерінің мұғалімдері мен тәрбие бөлімінің меңгерушілері қатысты.