Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/3 және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 415 бірлескен шешімі мен қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 наурызда № 7838-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты халқы елу адамнан кем мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктері таратылсын:

      Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округі Конюхов ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылдық округінің Камышлов ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі Возвышенка ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округінің Изобильное ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі Александровка ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округінің Алуа ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округі Бастомар ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Бастомар ауылдық округінің Екатериновка ауылы;

      Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі Таман ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округінің Сейфолла ауылы;

 

      Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі Хлебороб ауылының құрамына енгізе отырып, Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округінің Мичурин ауылы;

  1. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары облыстың және ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
  2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі        Г. Нурмухамбетов

      Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы          В. Бубенко