Құрметті Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары!

Құрметті Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары!
Жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысуға өтінімдер қабылданып жатқанын қуана хабарлаймыз.
Байқау отбасы институтын, имандылықты, руханиятты нығайтуға, саналы некенің маңыздылығын тануға бағытталған.
Өтініштердің басталу күні:2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін.
Барлық сұрақтар бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Булаев қаласы Мәдениет үйінің ғимараты, 2 қабат) және 8715 31 2 20 90, 87753783309 телефон нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
Байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады!
Мағжан Жұмабаев ауданының әрбір отбасын осы тамаша шараның бір бөлігі болуға шақырамыз!