Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 13-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024  жылғы 20 наурыздағы № 13-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024  жылғы 20 наурыздағы № 13-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы № 13-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7729-15 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

     «3.Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

       Тұрғын үй көмегін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

1)тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан

тоғыз теңгеден аспайды;

8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»;

          көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

          7-тармақтың бірінші абзацсы келесі редакцияда жазылсын:  

«7. Көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:»;

          көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

          7-тармақтың сегізінші абзацсы келесі редакцияда жазылсын:  

«Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

       көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

       11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:  

        «11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Аты-жөні

Аты-жөні

 

Аты-жөні