Баспасөз релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 13-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне жобасына
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97- бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес болып табылады.
Мәслихаттың бұл шешімінің мақсаты:
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау үшін заңды мүдделерін іске асыру және ҚР қолданыстағы заңнамаларды қолданысқа келтіру.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталының ашық нормативтік құқықтық актілер бөлімінде орналастырылған.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Ысқсқова