«Заң және тәртіп»

«Заң және тәртіп»

2026 жылдың 28 қаңтарында Қарақоға ауылдық округінде «Заң және тәртіп» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік, тұрмыста және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы туралы түсіндірілді. Жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері мен олардың салдары бойынша мысалдар келтірілді. Сондай-ақ қоғамдағы тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңның рөлі ерекше атап өтілді.