Профилактикалық рейд: әкім мен учаскелік инспектор қараусыз қалған құрылыстарды тексерді

Профилактикалық рейд: әкім мен учаскелік инспектор қараусыз қалған құрылыстарды тексерді

2025 жылдың 08 желтоқсаны, есірткіні таратуға қарсы іс-әрекет бойынша айлық аясында, ауылдық округ әкімі М.К.Есжанов учаскелік инспектор Т.Т.Жумановпен қараусыз қалған және пайдаланылмаған ғимараттары бар аумақтарды аралауды ұйымдастырып өткізді.

Рейдтің мақсаты: есірткелік заттарды дайындау мен сату, қолдану үшін мүмкін болатын орындарды анықтау және жою. Бұндай орындар тек қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, біздің балаларымызға да қауіпті.

Бұл неге маңызды ? қараусыз қалған үйлер мен құрылыстар антиәлеуметтік элементтерді жиі тартады. Жүйелі тексерістер бұл қызметті түбімен жойып, жамандықтың алдын алады.

Ескертеміз: Округтің қауіпсіздігі әр қайсымызға байланысты! Егер сіз бір нәрсеге күдіктенсеңіз (қараусыз қалған ғимараттарда түсініксіз қозғалыс, түсініксіз иістері, лақтырып тасталған шприцтер және т.б) оперативті хабарласыңыз:
➡️ Участкелік инспектор Т.Т. Жумановқа
➡️ полицияның сенім телефоны бойынша.

Бірге біз біздің округті қауіпсіз және кез келген есірткілік қауіптен таза ұстаймын!