Құрметті жазушы, қоғам қайраткері, облыстық «Память» қоғамдық қорының төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Болат Мағазұлы Сағындықовтың қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Құрметті жазушы, қоғам қайраткері, облыстық «Память» қоғамдық қорының төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Болат Мағазұлы Сағындықовтың қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Болат Мағазұлының өмір жолы – туған жерге, халқына аянбай қызмет етудің үлгісі. 1936 жылы 29 сәуірде Мамлют ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген ол бүкіл саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын өркендетуге, қоғамдық жұмыстарға, тарихи жадты сақтауға арнады.

Ол агрономнан совхоз директорына, облыстық басқарма басшысына дейін өсті. Сайланбалы партиялық қызметтерді атқарды.

Кәсіби шеберлігі, табандылығы мен қажырлы еңбегі үшін ол жоғары мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен марапатталды.

Оның саяси қуғын — сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыруға қосқан үлесі ерекше – ол Петропавл қаласында 8 мыңға жуық адамның есімі жазылған ескерткіш пен Естелік қабырғасының құрылысын бастаушылардың бірі болды.

Жазушы ретінде артына облысымыз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды әдеби мұра қалдырды.

Болат Мағазұлы Сағындықовтың жарқын естелігі оны жеке білетін, онымен бірге қызмет еткен, шығармаларынан нәр алған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Оның өмірлік өнегесі кейінгі ұрпаққа жол сілтейді.

Оның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын.