«Заң және Тәртіп»

«Заң және Тәртіп»

2025 жылғы 3 сәуірде Мамлют ауданының прокуроры С.С. Нұрманбековтың төрағалығымен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және орындау шеңберінде ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді, онда құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы заңдылықтың жай-күйі және Мамлют ауданының уәкілетті мемлекеттік органдары қабылдаған осы бағыттағы шаралар мәселелері қаралды.

Кеңес барысында аудан аумағындағы криминогендік ахуалдың жай-күйіне талдау жүргізіліп, уәкілетті органдардың басшылары тыңдалды, олар өз баяндамаларында құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан прокуроры жауапты лауазымды тұлғаларға профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар (оның ішінде интернет-алаяқтық, нашақорлық, есірткі қылмысы, жасөспірімдер қылмысы, бөтеннің мүлкін ұрлау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бөлігінде)берді.

Барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Заң және Тәртіп» идеясының маңызды аспектілерінің бірі азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заңдылықты мүлтіксіз сақтау, барлығының заң алдындағы теңдігі және жазаның бұлтартпастығы болып табылатыны жеткізілді.

Мамлют ауданының прокуратурасы