Бүгін Мамлют N 2 орта мектеп КММ базасында Мамлют ауданының әкімі Е.Ф.Степаненконың қатысуымен директорлар кеңесі өтті. Кеңес барысында білім бөлімінің басшысы Мұрат Ташмағанбетов 2023 -2024 оқу жылының қорытындысы туралы хабарлады. Директорлар кеңесінің күн тәртібінде мектептер жұмысының негізгі көрсеткіштері айтылды, соның қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланды, аудан мектептерінде білім деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.