2024 жылғы 19 наурызда Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

2024 жылғы 19 наурызда Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

2024 жылғы 19 наурызда Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы (бұдан әрі – Комиссия) аудан басшысының төрағалық етуімен, аудандық бөлімдер басшыларының, ауылдық округтер әкімдерінің, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, ардагерлер алқасының және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілді.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер профилактикасы туралы мәселе қаралды, Мамлют ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қуаныш Мағзұмов бөлім мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсететінін,2024 жылғы 1 наурызға 74 қызмет көрсетілгенін айтты. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Мамлют ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Дмитрий Сергеевич Семыкин баяндады. Электрондық цифрлық қолды үшінші адамға беру үшін жауапкершілік қарастырылғанын ол өз сөзінде атап айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуға тоқсан сайын талдау жүргізуді комиссия ұсынды.