2024 жылғы 19 наурызда Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

2024 жылғы 19 наурызда Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

2024 жылғы 19 наурызда Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы (бұдан әрі – Комиссия) аудан басшысының төрағалық етуімен, аудандық бөлімдер басшыларының, ауылдық округтер әкімдерінің, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, ардагерлер алқасының және жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілді. 

Күн тәртібінің мәселесі бойынша Мамлют ауданының білім бөлімінің басшысы Мұрат Игібайұлы Ташмағанбетов сөз сөйледі, ол ауданның 23 мектебінде 2411 бала оқитынын, 484 бейнебақылау камералар, сөйлейтін қондырғы орнатылғанын хабарлады. Мамлютка қаласының 4 мектебінде дабыл қағатын кнопкалар және турникеттер бар. Металл іздейтін құралды сатып алуға шарттар жасалды. 2024 жылы мектептерге жалпы 22 000 млн.тг.сомаға тағы 2488 бейнекамералар сатып алу жоспарланды. 

Қарастыру қорытындысы бойынша оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және сапасына мониторинг жүргізу, мектептер жоқ елді мекендерден оқушылар тасымалын бақылауға алу және әр адамға қолжетімді «Сапалы білім» жол картасын орындау бойынша барлық қажет шаралар қабылдауды комиссия ұсынды.