Семинар

Семинар

Ағымдағы жылғы 19 наурызда «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу» және «Мамлют ауданының мемлекеттік органдары 2023 жылға жол берген мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарды талдау» мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинар СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Төлеген Омаровтың төрағалығымен «сұрақ-жауап» форматында өткізілді. Негізгі баяндамашылар ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Александр Еремеев, ІМАД камералдық бақылау бөлімінің мемлекеттік аудитор бас маман - ассистент Полина Балгарина болды. Семинарға жергілікті атқарушы органдардың, ауылдық округтердің бухгалтерлері мен мамандары және ауданның мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы қатысты.

Семинар барысында бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнамалық нормаларды іс жүзінде қолдану, мемлекеттік сатып алуды өткізу, сондай-ақ бюджеттің төртінші деңгейін енгізуге байланысты мәселелер талқыланды.

Спикерлер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде туындаған барлық сұрақтарға толық жауап берді.