Аудандық мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы, азық — түлік және өңдеу өнеркәсібі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қонақтар үшін отандық өндірушілер өнімінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Мамлют ауданының жерлерінде өсірілген нан — тоқаш, көкөніс және сүт өнімдері ұсынылды.
Аудан әкімі Е. Степаненко барлығын мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, тұрақтылық және игілік тіледі. Ауданның дамуына маңызды үлес қосқан азаматтарға құрмет грамоталар және алғыс хаттар табыс етті.
Марапатталғандар арасында осы саланың ардагерлері мен еңбеккерлері: агрономдар, механизаторлар және басқалар болды.