«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан

16 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан бастау алады

Науқанның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат келіп, елдің ең үздік заң өкілдерінен тегін қажет кеңес ала алады. Олардың арасында – белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдар басшылары мен басқалар.

Науқанды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, zakon.kz жүйелі басылым, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қазақстанның мемлекеттік билік органдары және ең үздік заңгерлер мен адвокаттар. «Халық заңгері» науқанын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленді. 2016-2019 жылдары науқанға 7000-ден астам ең үздік сарапшылар және мемлекеттік органдардың шешім қабылдайтын тұлғалары деңгейіндегі өкілдер қатысты. Құқықтық көмек алуға өтініш білдірген азаматтардың 100 000-нан астамы кеңес алды.

Карантин шектеулері енгізілген мерзімде «Халық заңгері» науқанын өткізу тоқтатылды. 2022 жылы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың бір қалыпты болуына байланысты, осы әлеуметтік маңызды қызметті қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Мамлютка қаласында Абылай хан көшесі, 47 үй мекенжайында өткізіледі.