Цифрлық құжаттар

Цифрлық құжаттар

«еgov mobile» мобильдік қосымшасында «цифрлық құжаттар» сервисін (бұдан әрі-Сервис) іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сервис азаматтарға электрондық форматтағы мобильдік қосымша арқылы құжаттарды (жеке куәлік, туу туралы куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б.) қарауға, сондай-ақ оның анықтығын тексеруге мүмкіндік береді.

Базалық құжаттарды электрондық форматта (жеке куәліктер, дипломдар, жүргізуші куәліктері және басқа да құжаттар) ұсыну құралдарын іске асыру және енгізу азаматтардың күнделікті мәселелерін жедел шешу қажеттілігіне негізделген.

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 34-бабының 6-тармағына сәйкес электрондық құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен және өзге де ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылады.

Бүгінгі күні «еGov mobile» мобильдік қосымшасындағы Сервис шеңберінде цифрлық құжаттардың 18 түрі іске асырылды (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, техникалық паспорт, Covid-19 тестілеу ПТР нәтижесі, Студенттік билет, Диплом, зейнеткер куәлігі, Кандас куәлігі, көлік құралын тіркеу туралы куәлік, әлеуметтік ID, вакцинация паспорты, көп балалы отбасының жәрдемақысын алушы, Мүгедектігі туралы куәлік, атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі).

Сервис «азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ барлық филиалдарында, еліміздің барлық әуежайларында, нотариустарда, екінші деңгейдегі банктерде (Kaspi банк, «Халық банк» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Сбербанк России»АҚ ЕБ), «БЖЗҚ» АҚ, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, сондай-ақ, «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ тасымалдау кезінде енгізілді және пайдаланылады.

Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі –Заң) (оның ішінде «жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заң, «мемлекеттік шекара туралы» Заң, Еңбек Кодексі және басқалар) цифрлық құжаттарды қағаз құжатпен тең дәрежеде заңды тануды қамтамасыз ету бөлігінде қол қойылды.

Бұл заң азаматтарға цифрлық құжаттарды көптеген өмірлік жағдайларда кедергісіз пайдалануға және оларды пайдалану аясын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылатын және ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.

Сонымен қатар, бүгінгі күні сервисті тиісті ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы құжаттарды цифрлық тексеру мүмкіндігі іске асырылды.

Мәселен, цифрлық құжаттардың дұрыстығын тексеру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына сәйкес ақпараттық жүйелер мен сервис арасында интеграциялық өзара іс-қимыл жүргізуі қажет.

Мамлют ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А. Джапабаев